Елімізде қанша блогер бар және олар қанша салық төлейді?

Инвестиционные вложения в Казахстане

Елімізде наурыз айынан бастап блогерлер мен жарнамаға қатысты заң қабылданды. Massaget.kz тілшісі елімізде қанша инфлюенсер барын, олардың қаншасы салық төлейтінін анықтап көрді.

Елімізде наурыз айынан бастап блогерлер мен жарнамаға қатысты заң қабылданды. Massaget.kz тілшісі елімізде қанша инфлюенсер барын, олардың қаншасы салық төлейтінін анықтап көрді.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Елімізде қанша блогер бар?

“Өмір көркем” бағдарламасында блогерлер саны ресми емес деректерге сүйеніп айтылды. Бағдарлама мәліметінше, елімізде 556 мыңнан аса блогер бар екен. Оның 483 мың блогердің 10 мыңға дейін, 63 мың блогердің 50 мыңға дейін, 10 мың блогердің 500 мыңға дейін, 400 блогердің 1 миллионға дейін, ал 230 блогердің 1 миллионнан аса оқырманы бар.

Massaget.kz тілшісі блогерлердің нақты санын білу үшін Мәдениет және ақпарат министрлігіне сауал жолдады.

“Қазір Қазақстанда жұмыс істейтін инфлюенсерлердің нақты саны жоқ. “Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы” заңға сәйкес инфлюенсер (блогер – еск.) – онлайн-платформада тұлғалардың беймәлім тобына арналған ақпаратты кәсіпкерлік қызмет мақсатында жариялайтын онлайн-платформаны пайдаланушы. Олардың санын дәлірек анықтау үшін онлайн кеңістіктің талдауы жасалып жатыр”, – делінген жауапта.

Сайты для инвестиций в Казахстане

Сондай-ақ, министрлік блогерлер саны туралы келтірілген бағдарлама деректерін растай алмайтынын айтты, себебі заң контекстінде инфлюенсердің қанша оқырманы бары маңызды емес.

Қанша блогер салық төлейді?

Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бұл сұраққа жауап берген еді.

“Қазір 400-ден аса блогер тіркелген. 2023 жылы олар 200 миллион теңгеден аса салық төлеген. Егер олардың қызметі бизнеске қатысты болса, әрине, салық төлеуі керек. Бұл үшін арнайы салық режимі бар. Жүктеме 1 пайыздан 4 пайызға дейін”, – деді Жамаубаев.

Заң не туралы және оның мақсаты қандай?

Жарнамаларға қатысты қабылданған Заңның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау.

Заңның маңызды аспектісі – деструктив ақпаратқа байланысты тәуекелдерді азайту үшін онлайн ортадағы контентті мұқият модерациялау.

Заңның 16-бабында пайдаланушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері айқындалған.

  • Заңда тыйым салынбаған кез келген тәсілмен контент жасауға, орналастыруға, таратуға;
  • онлайн-платформаларда еркін пікір білдіруге;
  • өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сот тәртібімен қорғауға;
  • аккаунт, жария қоғамдастық ашуға;
  • онлайн-платформаның меншік иесіне немесе оның заңды өкіліне өздерінің ҚР заңдарында көзделген құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы туралы талаппен жүгінуге;
  • егер онлайн-платформалар ұсынатын өнімдер өз нанымдарына қайшы келсе, олардан бас тартуға;
  • қызықтырмайтын контенттің көрсетілуін шектеуге құқығы бар.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

  Токаев принял министра обороны Китая